Президент поштасынан
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың атына ЕҚЫҰ Саммитінің табысты өтуіне байланысты жүрекжарды қуаныштарын білдірген қазақстандықтардың хаттары мен жеделхаттары еліміздің түкпір-түкпірінен толассыз келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарқын» ЖШС директоры Сайран Бұқанов Елбасыға жолдаған хатында: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанды бүкіл әлемге жаңа қырынан танытқан ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің жоғары деңгейде өтуі Сіздің қажырлы еңбегіңіздің, көреген саясатыңыздың және әлем таныған үлкен беделіңіздің арқасы деп білемін», деп жазады. Мұндай мазмұнға толы хаттарды Қостанай облысының тұрғындары – Жангелдин аудандық «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Р.Ахметжанов, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Н.Тәжин, Жангелдин аудандық мәслихат депутаты К.Карбозов, ардагерлер Б.Уахитов, С.Батырғалиев, О.Алмат, Әулиекөл ауданының құрметті азаматы С.Досмағамбетов, ақын С.Оспанұлы, Б.Кенжебеков, «Алтын алқа» иегерлері А.Ілиясова, Х.Алахова, мектеп директоры Н.Утеулина, мұғалім А.Құрамысова, А.Ержігітова, М.Ходенұлы, Ғ.Байкенова, студент Т.Ботакөз жолдаған.
Ал Астана қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушысы И.Дәулет өз хатында сыныптастарымен бірге ЕҚЫҰ Саммитін теледидардан зор ынтамен көргенін айта келіп, Елбасын қазақ халқының, жалпы қазақстандықтардың абыройын асқақтатқан тарихи ерлігімен құттықтайды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны К.Шәріпбекованың хатында ЕҚЫҰ Саммитінің табысты өткені қуанышты көңіл-күймен баяндалса, Алматы қаласының тұрғыны З.Темірова Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіреді.