29 Желтоқсан, 2010

Елбасы қабылдады

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жәмішевті қабыл­дады, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Б.Жәмішев Мемлекет бас­шы­сын ағымдағы жылдың жұмыс қорытын­дылары туралы, республикалық бюджеттің атқарылуы жай­лы, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағының құрылуына байланысты қолға алын­ған салық-кедендік әкім­шілдендіру саласындағы ша­ралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ кездесуде ЕурАзЭҚ-тың дағ­дарысқа қарсы қорының қызметі туралы әңгіме қозғалды.