31 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1413

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 27 желтоқсан , Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372 және 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) зат­тар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте: 14-тармақтың үшінші абзацындағы «қаңтардан» деген сөз «шілдеден» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген Техникалық регламентке 5-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «
Ресей 2008 жылдан бастап және одан кейінгі
Украина 2010 жылғы 1 шілдеден бастап және
одан кейінгі
Беларусь 2008 жылдан бастап және одан кейінгі
Өзбекстан 2010 жылдан бастап және одан кейінгі
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы №153 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі №977 қаулысында: 2-тармақтағы «қаңтардан» деген сөз «шілдеден» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.