АСТАНА. 14 қаңтар. АҚШ-та екі адам джекпот сомасы 1,5 млрд. доллар болатын Powerball лотереясын ұтып алды. Бұл туралы Interfax ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Associated Press-тің хабарлауынша, жүлделі билеттер АҚШ-тың Флорида және Теннесси штаттарында сатылған. Осылайша америкалық Powerball лотереясының жеңімпаздар саны үш адамға жетіп отыр. Рекордтық жүлде қорына ие болған жеңімпаздар 1,5 млрд. көлеміндегі джекпотты өзара бөліседі. Агенттіктің мәдімдеуінше, таяу уақытта жеңімпаздардың қатары көбеюі мүмкін. Жүлделі билет иелері туралы әзірге ақпараттар жасырын ұсталуда. CNN телеарнасы хабарлағандай, лотереяны ұйымдастырушылар джекпотты ұтып алған жеңімпаздарға әзірге құпиялық сақтап, жүлделерін алып кетпес бұрын қаржы кеңесшісін жалдауға кеңес берген.
Бұдан бұрын құтты билеттердің бірі Калифорниядағы Чино-Хиллс қаласында сатып алынғаны туралы хабарланған еді. Ұтыс билетінің сандары 4-8-19-27-34 және 10 болған. Лотерея өкілдерінің бірінің сөзіне қарағанда, бұл сәтті билет 7-Eleven дүкенінде сатылған екен. Ереже бойынша, сатушы дүкен бонус ретінде 1 миллион АҚШ долларын алады.
Лотерея талаптарына сәйкес, жүлде сандары Powerball деп аталатын бес ақ түсті және бір қызыл түсті шарлармен сәйкес келген адамға бұйырады. Powerball лотереясы АҚШ-тың 44 штатында, Вашингтонда (Колумбия округі), Американың Виргиния аралдарында және Пуэрто-Рикода ойнатылады. Билет құны 2 және 3 АҚШ доллары арасында өзгеріп тұрады.
Жеңімпаз джекпотты 30 жыл бойына бөліп те ала алады, немесе бәрін бірден алып кетуге құқылы. Алайда, джекпоттың бәрін бірден алған жағдайда жүлде қоры азаяды. Салық төлегеннен кейін бақытты жан өзімен бірге 930 миллион АҚШ долларын қолма-қол санап алады. Сарапшылар мұндай жүлдеге ие болу 292,2 миллионға шаққанда 1 адамға ғана бұйыруы мүмкін деп баға берді.
Естеріңізге сала кетейік, Америка тарихында ең қомақты жүлде қоры 656 миллион АҚШ доллары болған еді. Бұл қаржыны 2012 жылы MegaMillions ұтыс билетінің иегері жеңіп алды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Interfax.ru.
Сурет: reuters.
• 14 Қаңтар, 2016
АҚШ тұрғындары лотереядан 1,5 млрд. долларлық джекпот ұтып алды

Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59