Сәрсенбі күні Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» Ярославльде жергілікті «Локомотивпен» кездесіп, 1:4 есебімен есе жіберді.
Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Келесі бөлікте жанкүйерлер бір ғана голдың куәсі болды. Атап айтқанда, 31-минутта айдын иелері сапынан Сергей Коньков мергендігімен көзге түсті. Ал соңғы кезеңде төрт бірдей шайба соғылды. Өкінішке қарай, соның үшеуі біздің қақпаға енді. Алдымен, 53-минутта «Локомотив» ойыншысы Денис Мосалев нәтижелі соққы жасаса, арада бар болғаны 38 секунд өткенде Егор Аверин есепті 3:0-ге жеткізді.
Осыдан кейін «Барыс» хоккейшілері лезде есе қайтарып, 54-минутта команда капитаны Брэндон Боченскидің көмегімен есеп айырмасын қысқартқан болатын. Артынша ойынды құтқарып қалмақ болған жаттықтырушы Андрей Назаров қақпашыны алтыншы ойыншыға алмастырды. Алайда, оның бұл әрекетінен түк шықпады. Есесіне, ресейліктер бос қақпаға төртінші шайбаны енгізіп, ойынның нүктесін қойды.
Бүгінде 50 ойыннан 72 ұпай жиған елордалықтар Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Біздің ұжым келесі ойынын 17 қаңтарда ойнайды. Ол күні «Барыс» өз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедосын» қабылдайды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59