Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен бірлесіп «Мәңгілік Ел» патриоттық форумын өткізді. Мұны осы бағыттағы кешенді істердің бастауы, тәуелсіздіктің тұғырын бекітетін саяси-мәдени іс-шаралардың тұсаукесері десе де болғандай. Партия мүшелері мен жастар қатысқан жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айбек Сағиев сөз алып, Елбасы Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» идеясына, оны жүзеге асырудың тарихи маңыздылығына тоқталды. Ілгері күнге үлкен үміт артқан болашақтағы жарқын істердің осы «Мәңгілік Ел» идеясынан арна тартатынын жеткізді. Мұның өзі дамыған 30 елдің қатарына енуді межелеп отырған Қазақстанның қарқынды дамуына серпін беретінін атап өтті.
– Өткен тарихқа тағзым да, бүгінгі бағытқа мақтаныш та, келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған мұраны қадірлеу, оны сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау. Қазіргі күні барша қазақстандықтың міндеті осы болуы тиіс, – деді ол.
Шарада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Нұртаза Абдоллаев еліміздің 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістігі мен Елбасының көреген саясатын сабақтастыра баяндады. «Мәңгілік Ел» бағдарламасының тарихи маңызының тұжырымдарын тарата әңгімеледі. Бұл идеяның патриоттық мәні мен тәрбиелік маңызына тоқталды. «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Бекзат Қаумешев жастар атынан сөз алып, еліміздің тәуелсіздігі хақында тұшымды ойларын ортаға салды. Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен табыстар мен игі ізденістерді салғастыра баяндады.
– Тәуелсіз ел атанған тұста Елбасы алпауыт елдердің кепілдігін ала отырып, әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартты. Ең алдымен елдің шекарасын нықтап алуға ұмтылды. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің барлық елдерінен инвестиция тартты. Соның арқасында экономикамыз аяғынан тік тұрып қана қоймай, қауіпсіздігімізді де нығайтып алдық. Өйткені, бізде әлемнің «ауа райын» жасайтын елдердің бәрінің де бизнесі бар. Ал қыруар қаржы салып отырған олар біздің елде тыныштық болуына әбден мүдделі, – деді ол.
Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сараптама тобының мүшесі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы Дмитрий Мацюк еліміздегі достық туралы, бұл бағыттағы Елбасы ұстанымдары хақында әсерлі әңгімеледі. Мұғалжар аудандық білім бөлімінің тәлімгері, жас ақын Нұрбол Ыбыраев тәуелсіздік туралы жалынды жыр оқыды.
Форум соңында патриоттық әндер шырқалды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59