Қарағанды облысында өндіріс саласына инвестор тарту ісі сәтімен жүргізіліп келеді. Мұның жарқын мысалы өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековтің бельгиялық аса ірі «Carmeuse» компаниясының басшысы Рудольф Коллинетпен кездесуі барысында көрініс тапты.
Кездесу барысында облыстың Осакаров ауданында жоғары сапалы әк өндіретін зауыт салу жобасы жан-жақты талқыланды. Жоба металлургиялық, химиялық және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттілігін қамтамасыз ететін бірінші сұрыпты әк өндіру бойынша өндірістік кешен құрылысын салуды көздейді.
Кешен құрылысына 8 млрд. теңге көлеміндегі инвестицияны Carmeuse Group компаниясы салмақшы. Өңірлік индустрияландыру картасына енетін бұл жоба іске асқанда 105 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін болады.
Жобаның инновациялық мәні мынада: қолданылатын технология реакциялық қабілеті жоғары және тұтынушының техникалық талаптарына бейімделе алатын бірінші сұрыпты жеңіл және қатты күйдірілген әк өндіруге мүмкіндік береді.
Жалпы, Carmeuse Group тобы дүниежүзі бойынша ондаған зауыттары бар, әк өндіру саласында әлемдегі көшбасшылардың бірінен саналатын трансұлттық корпорация. Дәл қазіргі жағдай тұрғысынан алып қарағанда, шетелдік мұндай іргелі кәсіпорынның облысқа инвестиция құймақ ниеті бек қуантарлық жайт. Мұның өзі облыс басшылығының өңірге инвесторлар тарту саясатын тиімді жүргізіп отырғанын көрсетсе керек.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22