инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған инвестиция
Еуропа қайта құру және даму банкі шығыс өңірінде құны 11 млрд. теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асырады. Облыс орталығында өткен екіжақты кездесу барысында өңір басшысы Даниал Ахметов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Ресей инфрақұрылымы бойынша директоры Екатерина Мирошник аталған несиелік келісімге қол қойды.
Қол жеткізілген келісімшарттарға сәйкес, Еуропа қайта құру және даму банкі Семей қаласындағы «Семей су арнасы» және «Жылукоммунэнерго» кәсіпорындарының жобаларын қаржыландырмақ. Яғни, Семей қаласындағы орталық жылу және су құбырлары жүйелері жаңғыртылады. Бұл жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі де өз кезегінде «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыру қаражатын бөледі.
Ұсынылған инвестициялар кәсіпорындарға әбден тозығы жеткен жылу және су құбырлары желілерін қайта жөндеуге, сорғы стансаларын жаңғыртуға бағытталған жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заманауи құрал-жабдықтарды, автоматтандырылған басқару жүйесін сатып алуға, орнатуға және жылу мен суды тұтыну есебін жүргізетін құралдарды орнату бағдарламасын жалғастыруға да жол ашады. Осы арқылы энергияны тиімді пайдалануды арттыру, экологиялық талаптарды жақсарту, ресурстарды тұтынуды оңтайландыру мен шығындарды азайтуға қолайлы жағдай қалыптастыру көзделіп отыр.
– Еуропа қайта құру және даму банкінің негізгі басымдықтарының бірі табиғат ресурстары мен энергия қуатын тиімді пайдалануға бағытталған. Осы орайда біз Қазақстанмен «жасыл экономика» жобасын дамытуда, сол сияқты, Семей қаласында суды үнемдеу мен энергия тұтынудағы шығындарды азайтуға ықпал ететін жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда тығыз жұмыс істейміз, – деді банк өкілі Екатерина Мирошник.
Ал облыс әкімі Даниал Ахметов Президент Жолдауында міндеттелген межелерді жүзеге асыру барысында мемлекет-жекеменшік әріптестігін ұйымдастыруға, қаржы институттарын тартуға басымдық берілетінін жеткізді.
Қазіргі кезде облыс әкімдігі Еуропа қайта құру және даму банкінен жалпы көлемі 171,1 млрд. теңгені құрайтын қаражатты өңірдегі маңызды жобаларға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Оның ішінде Өскемен мен Семей қалаларына тиесілі 5 жобаға үлкен назар аударылып отыр. Бұл жобалардың жалпы құны 16,9 млрд. теңгеге тең. Сонымен бірге, 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында Өскемен мен Семей қалаларында энергия үнемдеу үшін көше шамдарын ауыстыруға арналған және Өскемен қаласында сумен қамту жүйесін жаңғырту, су тартуға бағытталған жалпы құны 5,9 млрд. теңгені құрайтын тағы 3 несиелік келісімге қол қойылады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22