Кеше Астанадағы Ұлттық мұрағат ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласы аясында Мемлекет тарихы институты Ұлттық мұрағат және «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының қазақстандық жолы: нәтижелер, жетістіктер, болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Мұндағы негізгі әңгіме қазақстандықтардың тарихи санасын қалыптастырудағы Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі, мемлекеттіліктің қалыптасу жолы, экономика мен қоғам дамуының келешегі, «Ұлт жоспарына» қатысты мәселелер болды. Одан ары Тәуелсіз Қазақстандағы көпэтносты қоғамның өмірлік құндылығы, егемен елдің Конституциясы мен заңдары және бүкілхалықтық сенім, мемлекетті кәсібилендіруге қатысты ғылыми тұжырымдар тілге тиек етілді. Сонымен қоса, заманауи кезеңдегі төзімділік және халықаралық ынтымақтастықтағы адами қатынастардың өзекті тұстарын, еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық бағыттары мен қазақстандық бірегейлікті дамытудағы ғылыми зерделеу тәжірибелері алға тартылды.
Шара аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» атты құжатты көрме көпшілік көңілінен шықты. Көрмеде Ұлттық мұрағат қорынан алынған, ел тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінен бастап дамуы мен қалыптасу тарихын айшықтайтын құжаттар қойылған екен. Мәселен, тұңғыш заң жобалары, Қазақстан астанасын көшіру мен атауын өзгерту туралы құжаттар мен Елбасының өмірі, еңбек жолы туралы тың деректер видео-фотоқұжаттар түрінде ұсынылды.
Айта кетейік, тақырып шеңберінде біраз мәселе қаузалды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру және нығайтудағы рөлі; Ұлт Көшбасшысы және Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты (1991-2015 жж); Қазақстанның Тұңғыш Президенті және елдің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру: идеядан іске асыру бағыттары; Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстандықтардың тарихи өзіндік санасын қалыптастырудағы рөлі; Президент Н.Ә.Назарбаев және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері; Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясының саяси философиясы: қазақстандық даму жолдарының негізі сынды мәселелер қызу талқыға түсті.
Алқалы жиында Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов, Ұлттық мұрағаттың Бас директоры Марат Әбсеметов, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Сыртқы істер министрі, мемлекет қайраткері, дипломат Төлеутай Сүлейменов терең толғамды әңгімелер айтты. Содан соң Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкірдің «Мәңгілік Ел» идеясы – ұлтты ұйыстырудың ұлы күші», Мемлекет тарихы институтының бөлім бастығы, тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаевтың «Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты», Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әлима Ауанасованың «Қазақстанды жаһандық жаңғыртудағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі» атты және басқа баяндамалар мазмұндылығымен ерекшеленді.
Шара соңында Ұлттық мұрағат пен «Алжир» мемориалды-мұражай кешенінің ұжымдарына институттың кітаптары сыйға тартылып, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясына мүшелікке қабылданғандар құттықталды.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22