Кез келген ұлт, ел үшін өзіндік өсу, өзіндік талпыныс, өзіндік өмір сүру бағыты керек және мұндай әрекет міндетті түрде болады. Онсыз ұлттың өмір сүруі де мүмкін емес. Ал Қазақ елі үшін бұл – тіптен, қажеттілік. Ұлт Жоспарының болуы болашақ үшін белгілі бір өмірлік бағытты ұстанатын «Темірқазық» іспеттес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспары ресми, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білімдік мазмұнды тұтастай қамтитын ірі тарихи құжат болып табылмақ. Бұл жоспарды Елбасының 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауының ішкі құрылымдық тармағы деп те, Жолдаудың тақырыптық жалғасы деп те қабылдауға болады.
Жолдау да, Ұлт Жоспары да – 25 жыл өз еркімен өмір сүріп отырған Қазақ елінің, ондағы халықтың ХХІ ғасырдағы өмір сүруін тарихи тұрғыдан ашып көрсететін ұрпақ алдындағы деректі дәлеліміз. Ендігі жерде әр қазақстандық жоспарлық бағдарламаның әрбір қадамын келешекке түсіндіріп, жүзеге асырылуына өз кәсібімен, мамандығымен, шеберлігімен, білімімен, қабілетімен, іскерлігімен атсалыса білуі тиіс. Себебі, оны жеке Үкімет немесе Мемлекет басшысы ғана іске асыруы мүмкін емес. Ең бастысы, бағыт бар, сол бағытты қоғамды жаңаша құруда қолдана білу – қажетті нәрсені көре білу деген сөз. Елбасының ұлттық даму үшін осындай нақты жұмыс жоспарын ұсынуы халықты алға серпіліспен, сеніммен өмір сүруге жетелейді. Бұл талқыланып отырған Ұлт Жоспарының әрбір жолында айқын көрініс тауып отыр. Оның астарында мемлекет жасампаздығы, ұлт дамуы мен халықтың рухани, мәдени, білімдік жағынан өсуі жатыр.
Жоспар жайдан-жай құрыла салмағаны түсінікті. Мұнда ел жағдайы, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты, білімдік, ғылымдық, әлеуметтік, мәдени, дәулеттік, табиғи қор факторлары тұтастай ескерілген. Елді ойландыратын түйткілдер жоспар мазмұнынан тыс қалмағанын құжатты терең зерделеп, саралау арқылы көз жеткізуге болады. Жоспарға іліккен әрбір заңдық қадам елдің көкейкесті мәселесімен сай келеді. Ал тарихи құжаттың басты мақсаты да сол – халық, ел ойынан шыға білу. Нақтыласақ, Ұлт Жоспары бағдарламасынан тәуелсіз, еркін өмір сүретін мемлекеттің және ондағы қоғамның жаңа көзқараста өмір сүруіне ықпал жасап, негізін жасап беру мақсатын түсінеміз.
Ұлт Жоспары 5 реформалық мазмұнда белгіленіп, соның әрқайсында ауқымды мәселелер қозғалады.
«Мемлекетті кәсібилендіру» 1-реформасы он бес өзекті мәселені негізгі нысанаға алып, Қазақстандағы лауазымдық құзыреттілік танымын шешуді көздейді. Лауазымдық құзыреттілік үшін аталған қадамның әрқайсысы маңызды, оның ішінде нәтиже – еңбекақы; нәтиже – төлем; өңірлік үйлестіру коэффициенті, Әдеп кодексі сатылары мемлекеттік қызметтегі лауазымдық жүйені реттеуде негізгі өлшем болып табылмақ, әрі кез келген қызметкердің кәсібилігі мен біліктілігі жағынан лауазымдық құзыреттілігіне сай болуын талап етеді.
«Заң үстемдігін қамтамасыз ету» 2-реформасы он тоғыз басты өлшемді белгілеп, заңдық құзыреттілікті арттыру мен соған орай біліктілікті жетілдіру мәселесін оңтайландырып, қоғамдық қатынасты құқықтық, заңдық тұрғыдан реттеуді оңтайландыруға жетелейді. «Заң үстемдігі» реформасында 3 сатылы сот төрелігі, халықаралық заңгерлік кеңестің құрылу мәселесі, қоғамдық кеңес жүйесі; қылмыстық құқық бұзу картасы; әлеуметтік оңалту жүйесінің алға қойылуы халықтың өмірлік талабымен сай келеді. Әрбір қоғам мүшесі қоғамдағы қарым-қатынас, заң білу құзыреттілігін осы екінші реформа арқылы кеңейте алады.
«Индустрияландыру және экономикалық өсiм» 3-реформасы елу сатылы өлшемді қамтыған. Аталып отырған реформада адам капиталы сапасы мен 12 жылдық білім берудің кезеңдік енгізілуі, табысты мектептерді ынталандыру; 10 алдыңғы қатарлы колледж бен 10 ЖОО-да білікті кадр даярлау; «Назарбаев Университет» тәжірибесімен ЖОО-ының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту; білім беруде жоғары сынып пен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытудың кезеңдік жүйесі өлшемдік қағидаттарының да ұмыт қалмауы көңілді жадыратады. Мұнда педагогтар мен ғалымдар үшін маңыздысы оқу, оқыту, ғылыми кадр, ағартушылық, ғылыми жұмыс құзыреттіліктерінің артуы болып табылады. Сондықтан, педагогтар мен ғалымдар бұл қадамдарды іске асыруда білгірліктері мен іскерліктерін барынша танытуға кіріседі де, білімдік, ғылымдық аяда құзыреттіліктерін жүргізе алады.
«Біртектілік пен бірлік» атты 4-реформасында алты сатылық өлшем қарастырылып, бірлік, ынтымақтастық, ұлттық, бұқаралық ақпараттық байланыс талаптарын игерту көзделеді. Бұдан ел басшыларының ұлттық, татулық пен бірлестік, тіл, сөз бостандығы үшін құзыреттілікті кеңейтуге жол салып отырғанын көреміз.
5-реформа «Есеп беретін мемлекеттік қалыптастыру» бағытының мәнділігі мемлекеттік аппарат жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің; «Ашық үкімет» мәселесінің; мемлекеттік басшылар мен ЖОО басшылары есебінің; мемлекеттік пен әкімдік жанындағы қоғамдық кеңестің халық алдында онлайндық тұрғыда қойылуымен көрінеді. 5-реформаны оқып, таразылау арқылы мемлекеттің, мемлекет басшыларының есеп беру құзыреттілігінде біліктілік және талдау жасай білу талап етілетінін байқаймыз.
Жалпы, талқылауға түсіп отырған Ұлт Жоспары бағдарламасы Қазақстан халқына өмір сүру құзыреттілігін жан-жақты игертіп, адамзаттық, ұлттық бағыт ұстануына ықпал жасайды.
Ырысгүл ШАҚАМАН,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі және
әдебиеті кафедрасының профессоры,
филология ғылымдарының
кандидаты.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22