Кеше Орталық телекоммуникация қызметінде Парламент Мәжілісінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі депутаттар бастамасына халықтың қалай қарайтындығы туралы әлеуметтік зерттеу құрылымдары жүргізген сауалдамалар бойынша есеп берілді.
Бірінші сөз алған «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық ұйымының директоры Юлия Кучинcкая депутаттардың кешегі үндеуінен кейін біз мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары және ЖОО-лардың көптеген өкілдері арасында жедел-сауалдама жүргіздік. Соның ішінде 97 сарапшы болды. Енді соның нәтижелері туралы айтсам, ол былай болды: сұралғандардың 95,6 пайызы мәжілісмендердің бастамасын қолдайтындарын айтты. Соның ішінде 94,8 пайызы депутаттарды мерзімінен бұрын сайлау дағдарысқа қарсы шаралардың қатарына жататынын атап өтті.
Сарапшылардың 94,1 пайызы Мәжіліс және түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын бірге өткізуді сайлауға бөлінетін мемлекеттік қаржыны үнемдеу тұрғысынан тиімді деп санайды. Сонымен қатар, сарапшылардың 90 пайыздан жоғары бөлігі бесінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары өздерінің негізгі миссиясын орындады деп есептейді. Сұралғандардың 96,7 пайызы Бес институттық реформа – Ұлт Жоспарын орындау үшін Мәжіліс депутаттарының сайлауы тез арада өткені жөн деп санайды. 94,2 пайызы Парламент жұмысын әртараптандырудың маңыздылығын атап өткен. Олар сайлауға жаңа партиялардың түсіп, өз депутаттарын өткізгенін жөн көреді.
Еуразиялық интеграция институтының әлеуметтік зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Төреханова да өз қызметтерінің жедел-сауалдама өткізгенін айтты. Біз барлығы 615 адамға сауал бердік, деді ол. Соның ішінде 82,5 пайызы Мәжіліс депутаттарының үндеуі туралы хабардар болып шықты. Соның ішінде 93,6 пайызы сайлауды мерзімінен бұрын өткізгенді дұрыс деп санайтынын жеткізді. Сұралғандардың 97,2 пайызы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауларының бірге өткізілгенін қалайтынын айтты. Өйткені, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізеді деп есептейді олардың бәрі.
Респонденттердің 93,5 пайызы Мәжіліс депутаттарының сайлауын тез арада өткізуді дұрыс деп санайды екен, өйткені, олар Ұлт Жоспарын іске асыруға белсене қатысуға тиісті. Сұралғандардың 94,6 пайызы Мәжілістің бұрынғы құрамы өз міндеттерін толығымен орындағанын мәлімдепті. Қорыта айтқанда, сауалдама жүргізген екі ұйым да бір-бірінің сөздерін айна-қатесіз қайталап берген, демек, халықтың жауабы біртекті болған.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22