АСТАНА. 15 қаңтар. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бас жаттықтырушысының есімін қаңтар айының соңында жариялайды. Бұл туралы аталған федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 28 желтоқсан күні Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысын дауыс беру арқылы таңдаудың алғашқы кезеңі басталған болатын. Федерация тарапынан шешім қабылдау үшін сауалнамаға 50 мыңға жуық адам қатысуы керек еді. Алайда, сауалнама басталғалы 18 күн өтсе де, оған 2600 адам ғана қатысқан. Олардың 1755-і шетелдік маманға дауыс берсе, отандық мамандарды қолдаған жанкүйерлердің саны – 845.
Осылайша, қатысушылардың аз болуына байланысты дауыс берудің екінші кезеңі өткізілмейді. Нәтижесінде футболдан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы осы айдың соңына дейін жарияланатын болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Сурет: kff.kz.
• 15 Қаңтар, 2016
Бас жаттықтырушының есімі қаңтардың соңында белгілі болады

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше