16 Қаңтар, 2016

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұрқасын болады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-01-2016-aua raiy 01АСТАНА. 16 қаңтар. Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, желдің ұйытқуы күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырау, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұманды ауа райы тіркеліп, көктайғақ болады. Сыр өңірінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сонымен қатар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман басып, бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда. Қостанай және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей аймақтарында бұрқасын болып, күндіз жел – 15-20 м/с, ал кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Ал Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз Жамбыл облысында жел 23 м/с жылдамдықпен соқса, кей жерлерде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын болады. Еламан Қоңыр. Дерек: Қазгидромет. Сурет: ntv.ru.