16 Қаңтар, 2016

«Саясаттанушылар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Саясаттанушылар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігі (РҚБ) Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының

мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

«Саясаттанушылар конгресі» РҚБ депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастамасын толық қолдайды. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру күн тәртібіне шығарылған бүгінгі жағдайда депутаттардың бұл бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр. Қазіргі Мәжіліс өзіне жүктелген тарихи міндеттерді абыроймен орындады. Нақтылай айтқанда, Мәжіліс Ұлт Жоспары аясында 80 заң жобасын қабылдады әрі дағдарысқа қарсы «жол картасын» нақтылады. Түсіне білгенге, осынау жұмыстардың барлығы да қазақстандықтар үшін аса маңызды. Қазіргі таңда дағдарысқа қарсы шаралар қабылдап, қиындықтарды еңсеру үшін бес институттық реформаны тиімді жүзеге асыру қажет. Осы орайда мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, Парламент Мәжілісін жаңадан жасақтау терең мәнге ие.