16 Қаңтар, 2016

«Қазақстандық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстандық өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының

мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Біз барша қазақстандықтарды де­путат­тардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастамасын қолдауға шақырамыз. Сайлау өткізіп, соның нәтижесінде халықтың сеніміне ие болған депутаттар елімізді дамудың жаңа сатысына көтеретініне сенеміз. Бізге жаһандық экономикалық дағ­дарыс жағдайында халқымыздың ынтымағы жарасып, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын міндеттерді абыроймен орындау маңызды. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын бірге өткізу бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз барша қазақстандықтарды қолға алынып отырған реформаларды бірлесе жүзеге асыруға үндейміз.