16 Қаңтар, 2016

Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының МӘЛІМДЕМЕСІ

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын

сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Іскер әйелдер қауымдастығы депутаттардың Парламент Мәжі­лісі мен барлық деңгейдегі мәс­лихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдіреді. Бүгінде ел алдында Елбасы ұсынған бес институттық реформа мен қолданыстағы заңнамаларды өз деңгейінде жүзеге асыру міндеті тұр. Сондай-ақ, әлемдік нарықтағы тұрақсыздық пен түрлі сын-қатер­лерге қарсы күш біріктіре отырып, тиісті шараларды қолға алу ісі де өзекті. Сондықтан да біз үшін мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, содан кейін әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жаңа қар­қынмен кірісу маңызды.