16 Қаңтар, 2016

Республикалық этномәдени бірлестіктердің МӘЛІМДЕМЕСІ

396 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Республикалық этномәдени бірлестіктердің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының

сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Біз, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Парламент Мәжілісі депутаттарының Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бас­тамасын қолдайтынымызды мәлімдейміз. Дер кезінде жасалған бұл қадам дағдарысқа қарсы ауқымды шараларды, бес институттық реформаны және «100 нақты қадам: Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асыруда аса қажет болып табылады. Бұл қайта жасаулар тарихи міндеттер кешенін шешуде магистральды жол тәрізді маңызды рөл атқарады. Ашық мемлекет құру және заңның үстемдік құруы мен тиімді экономикамен қамтамасыз ету заң шығарушылық жұмыстардың жаңа деңгейдегі сапасын талап етеді. Біз Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттар тобының шешімін, жалпы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныстарын құптаймыз. Бұл сайлаудан заң шығару жұмыстарын жаңа сапамен қамтамасыз ететін тиімді депутаттар корпусының жасақталуын, азаматтық қатысулардың кеңеюін және саяси көзқарастарына қарамастан партиялардың халықтың бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы диалогтарын күтеміз. Осы ретте барлық саяси партияны, қоғамдық, этномәдени бірлестіктерді бұл маңызды әрі батыл қадамды қолдауға және Қазақстан тарихындағы ең ашық, сындарлы сайлау өткізуге шақырамыз. Қазақстан халқының сайлауға жаппай қатысуы, сайлаушылардың белсенділігі мен жауапкершілігі кезекті рет көпке үлгі болатынына сенеміз. Біз – Қазақстан азаматтарымыз, біз – бір халықпыз, біздің ортақ мақсатымыз – «Мәңгілік Ел»!  Қазақстан корейлері қауымдастығы; Түрікмен этномәдени орталығы; «Мицева» еврей мәдени орталықтары қауымдастығы; Қазақстан Республикасының орыс қоғамдастығы; Қазақстан румын-молдовандары қауымдастығы; Қазақстан дүнгендері қоғамы; Болгар этномәдени бірлестігі; «Видергебурт» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің республикалық қауымдастығы; Орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіру кеңесі; Қазақстандағы «Идел» татар және татар-башқұрт этномәдени қоғамдық және мәдени орталықтарының қауымдастығы; Қазақстан армяндары қауымдастығы; Қазақстан Республикасы түріктерінің «Ахыска» қоғамы; Қазақстан Республикасы өзбектерінің «Дустлик» этномәдени бірлестігінің қауымдастығы; Қазақстан Республикасы күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы; «Вайнах» чешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту орталығы қауымдастығы; Қазақстан Республикасы ұйғырларының мәдени орталығы; Венгр мәдени орталығы; Белорус этномәдени бірлестігі; Қазақстан әзербайжан мәдени орталықтары одағы; Қазақстан поляктары одағы; «Суоми» этномәдени бірлестік; «Авиценна» тәжік этномәдени орталығы; Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының қауымдастығы; «Қазақстан украиндарының радасы»; «Филия» Қазақстандағы грек қоғамының қауымдастығы; Қарашай-балқар этномәдени бірлестігі; Әзербайжандар қауымдастығы; Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы.