16 Қаңтар, 2016

«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің МӘЛІМДЕМЕСІ

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастаманы қолдау туралы

МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелері Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауларын өткізу жөніндегі бастаманы қолдайды. Ауқымды институттық реформалар мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген дағдарысқа қарсы тетіктерді жүзеге асыру жұмыстарының басталуы барлық қоғамдық күштің мейлінше бірігуін талап етеді. Жаһандық дағдарыс кезіндегі мерзімінен бұрын сайлау өткізу қоғамда өзара келісім мен ынтымақтастықты нығайтады. Сондай-ақ, жағымсыз сыртқы әсерлердің алдын алуда оң нәтижеге жету үшін барлық ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған сайлау саяси партияларға өздерінің мемлекеттік құрылымның жаңа сатысына өту кезіндегі тиімділіктерін көрсету үшін беріліп отырған жақсы мүмкіндік.