16 Қаңтар, 2016

Бүлдіршінді құтқаруға көмектескен сержант

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
МухтарАтыраудағы №5546 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет ететін сержант Мұхтар Өрбісінов сауда орнында есінен танып құлаған балдырғанның ажалдан аман қалуына қол ұшын созды. Бұл оқиға төмендегіше өрбіген. 9 қаңтарда кешкілік 22.00 сағат шамасында әскери қызметкер үйіне таяу маңдағы «Атаба» сауда орталығына барған. Сол кезде есінен танып қалған қызын құтқару қамына кіріскен ер адамды кездестіреді. Кішкентай бө­бектің қызуы 40,5 градусқа кө­­терілген екен. Мұхтар «жедел жәрдем» шақырып, тіпті, үйін­дегі әйелі Самалға да хабар беріп үлгереді. «Жедел жәр­­дем» бригадасы келгенше фельдшерлік мамандығы бар Самалмен бірге алғашқы ме­дициналық көмек көрсетуге кіріседі. Сөйтіп, Мәдина есімді 1,5 жастағы кішкентай бөбектің қызуын түсіріп, өз-өзіне келуіне көмек қолын созады. Ал «жедел жәрдем» бригадасы алғашқы медициналық көмектің дұрыс жасалғаны туралы өз бағасын беріпті. Әскери қызметкер Мұхтар Өрбісіновтің қиналған жанға қол ұшын созған азаматтығы Мәдинаның әкесі Ерлан Дәу­­летқалиевтің №5546 әс­ке­ри бөлім командирі Бегай­дар Құрт­тыбаевқа жазған хатынан кейін белгілі болды. Хат авторы сержант Мұхтар Өрбісіновке қызын құтқарып қалғаны үшін алғысын біл­діріпті. Енді атал­ған әскери бөлім сержантты ма­рапатқа ұсынып отыр. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.