16 Қаңтар, 2016

Моңғолияда ғұн дәуіріндегі алтын әшекей табылды

358 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Моңғолияның Оңтүстік Гоби аймағында ғұн дәуірінде жасалған таутекенің мүйізі кейіптес алтын әшекей табылды. Ғалымдар тек моңғол жері үшін ғана емес, күллі әлем үшін де өте сирек кездесетін 3000-3500 жылдық тарихы бар жәдігер ғұндардың сол дәуірлерде тіршілік еткендерін және осы ежелгі мемлекеттің өз билеушілері болғандарын айғақтайтын құнды зат екенін айтып отыр. алем-жалемЕң көне шай бұдан 2150 жыл шамасы бұрын пайда болған Қытайдың бұдан 2150 жыл бұрын өмірден өткен императорының моласынан әлемдегі ең көне шай табылды. Бұдан бұрын көне қытай мәтінінде дәуір басында елдің Тибетке шайды экспортқа шығарғаны туралы мәлімет болғанымен, қазба жұмыстары барысында мұншалықты ерте кезеңдегі шай кезікпеген еді. Мұны ашқан Қытай ғылым академиясының ғалымдары масс-спектометрия көмегімен біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдың ортасында шай жапырақтарының болғанын дәлелдеп шықты. Сүйіспеншілік хаттары 10 жәшікке жүк екен Американың Нью-Йорк қаласында тұратын Бил және Крис Бреснандардың бірге өмір сүріп келе жатқандарына 40 жыл толған кезде отағасын жүрек толқытатын ерекше бір оқиға күтіп тұрды. Мәселе мынада. Бил сүйіктісі Криспен қосылғаннан бастап, күніне бір рет оған арнап, хат жазып келіпті. Ал Крис болса, оның бір данасын да шашау шығармай жинай берген. Осынша уақытта оның күйеуінен жасырып, үйдің шатырына жинап отырған хаттары 10 үлкен жәшікке жүк болған. Мұны көрген Бил қатты тебіренгеннен жылап жіберіпті. алем-жалем-11995 жылы жоғалған еркек пен әйел Енисейден шықты Ресейдің Красноярск қаласында құтқарушылар жаттығу кезінде Енисей өзенінің түбінде шөгіп жатқан автомобильдің үстінен түсті. Сүңгуірлер Абаканның құярлығынан көрген көліктің ішінен бір ер кісі мен әйелдің денесі алынды. Mitsubishi Galant машинасы жағадан 20 метр қашықтықта, 3 метрге жуық тереңдікте жатқан. Тергеушілер кім екендері болжанып отырған 1957 жылы туған бұл еркек пен 1965 жылы туған әйелдің жоғалып кеткендері туралы дабылды 1995 жылы көтергенін мәлімдеді. Ойын қарсыластары 802 минуттық айыпқа тартылды Ресейдің түнгі лига деп аталатын тобында чемпионаттың кезекті кездесуін өткізген Мәскеудің «Молот» және «Юган» командаларының хоккейшілері 802 минут айып орындығында отырды. Биылғы 9 қаңтар күні ойналған матчтың 42-минутында жаппай төбелестің салдарынан ойын тоқтатылды. Мұны бастап берген эпизодты қайта қарап шыққан спорт-тәртіп комитеті әуесқой лига ойыншыларын жалпы мөлшері 802 минутқа айыпқа тартты. Бұдан басқа, хоккейшілер 140 мың рубльден артық ақша төлеуге тиіс болды. 15-01-16-boui-1Рок жұлдызының өлімін де келеке етті Соңғы жылдары орынсыз карикатураларымен аты шыққан француздың Charlie Hebdo сати­ралық журнал-сымағы өзінің бірін­ші беттегі мұқабасын жақында рак ауруынан қайтыс болған атақты музыкант Дэвид Боуиге арнады. Басылымда «рок идолы» атанып келген британиялық әнші әрі әндер авторы Дэвид Боуи табыт секілді етіп берілген гитараның қорабы ішінде жатқаны бейнеленген. Ол қолдарын кеудесіне айқастырып қойған, оң жағында шырағдан жанып тұр. Осылайша журнал ұжымы өздерінің өлімнің өзінен де ілік іздеуден қайтпағанын тағы көрсетті. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.