АСТАНА. 16 қаңтар. Содырлардың Буркина-Фасоның астанасы – Уагадугу қаласындағы шабуылы кезінде 27 адам қаза болды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Францияның аталған елдегі елшісі Жиль Тибоның айтуынша, Уагадугудегі мейрамхана мен қонақ үйді басып алу кезінде қаза болған құрбандардың саны 27-ге жеткен. Бұдан бұрын шабуыл салдарынан 23 адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді. Жиль Тибо Twitter-дегі жеке парақшасында: «Құрбандар саны 27-ге жетті. Қаза болғандардың ұлттары әлі белгісіз», – деп жазған. Ол сондай-ақ, күш құрылымдарының қонақүйден 150 адамды қауіпсіз жерге шығарып, қажетті дәрігерлік көмек көрсеткені жөнінде де мәлімдеген. Ғимаратта болғандардың арасында 18 елдің өкілі бар.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, яғни, 15 қаңтар күні белгісіз біреулер дәмханаға оқ жаудырып, Уагадугудегі Splendid қонақ үйіндегі адамдарды кепілдікке алған болатын. Бұл қонақ үйге батыс елдерінің өкілдері, соның ішінде БҰҰ-ның қызметкерлері жиі тоқтайтынын атап өткен жөн.
Францияның дипломатиялық өкілдері мен ресейлік құрметті консул бұл қанқұйлы оқиғаны террористердің шабуылы деп атады. SITE мониторингтік топтың ақпаратына сәйкес, Буркина-Фасодағы қанды шабуылға қараша айында Мали астанасындағы қонақ үйді басып алған «Әл-Мурабитун» лаңкестік тобының тікелей қатысы бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: AFP.
• 16 Қаңтар, 2016
Буркина-Фасода содырлардың шабуылынан 27 адам қаза тапты

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше