17 Қаңтар, 2016

СІМ Буркина-Фасодағы лаңкестікке қатысты мәлімдеме жасады

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-01-2016-MID 01АСТАНА. 17 қаңтар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Буркина-Фасоның астанасы – Уагадугу қаласында болған лаңкестік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәлімдемеде: «Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 16 қаңтарда Буркина-Фасо астанасы – Уагадугу қаласында болған, соның салдарынан ондаған жазықсыз азаматтың өмірін қиған лаңкестік әрекетті қатаң және сөзсіз түрде сынайды», – делінген. Сонымен қатар, онда Қазақстанның Буркина Фасо билігін толығымен қолдай отырып, мемлекет пен өңірдің лаңкестікке қарсы күрес әрекеттеріне ниеттестігі білдірілген. Одан бөлек: «Лаңкестік салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз және зардап шеккен азаматтарға тез арада сауығып кетулерін тілейміз. Әлем бойынша лаңкестердің қылмыстық әрекеттерінің белсенді бола түсуіне орай аталған құбылыспен табанды күресте халықаралық қауымдастық күштерінің бірігуіне және БҰҰ қарамағында жаһандық лаңкесттікке қарсы желі құруға шақырамыз», – делінген мәлімдемеде. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.