17 Қаңтар, 2016

Сирияда «Ислам мемлекетінің» содырлары 400 адамды кепілге алды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-01-2016-syryaАСТАНА. 17 қаңтар. Сирияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының содырлары 400 адамды кепілдікке алды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, елдің шығысындағы Дэйр-эз-Зор қаласына шабуыл жасау кезінде «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы кем дегенде 400 адамды тұтқынға алған. Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, кепілдікке алынғандардың арасында Сирия әскері жауынгерлерінің отбасы мүшелері де бар. Аталған ұйым басшысы Рами Абдулрахман: «Олардың өміріне қауіп төніп тұр. Өйткені, лаңкестік ұйым өзге аудандарда жасағандай, бұл жолы да кепілдегілерді өлтіру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды», – дейді. Бұдан бұрын сириялық SANA агенттігі Дэйр-эз-Зорда лаңкестік шабуыл кезінде кем дегенде 300 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар да өлтірілген деп хабарлаған болатын. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: AP Photo.