АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Наурызбай ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жобасына сәйкес салынатын 26 балалар алаңының бесіншісі пайдалануға берілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Алматы қаласын дамыту-2020» бағдарламасының «Әлеуметтік бейімделген қала» деп аталатын бағытына орай аулаларды түрлендіру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл қадам қалада 2020 жылға дейін спортпен тұрақты түрде айналысатын тұрғындардың санын 30 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді – деген Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дандыбаев алматылық кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Қалада салауатты өмір салтын насихаттауға және балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына қолдау көрсету дәстүрлі түрде жалғасын табуда.
Мини-футболға арналған алаңқай, көше тренажері, әткеншек, айналмақ, басқа да түрлі ойын-жаттығуларға арналған кешеннің ауданы 1250 шаршы метрді құрайды. Оны салуға «Зедан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 16 миллион теңгедей қаржы жұмсады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 18 Қаңтар, 2016
Алматыда жобадағы 26 балалар алаңының 5-шісі пайдалануға берілді

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше