АСТАНА. 18 қаңтар. Шотландияның Хайлендс таулы аймағында Стоб Койре нам Бейт (1107 метр) шыңына өрмелеуге аттанған екі альпинист қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Шотландияның полиция басқармасына Стоб Койре шыңына өрмелеуге кеткен екі альпинистің өміріне алаңдаушылық білдіргендерден хабар келіп түсті. Бұл жергілікті уақыт бойынша, сағат 16:25-тің кезі болатын. Полиция қызметкерлері, жағалаудағы күзет өкілдері және Гленко елді-мекенінің таудағы құтқару жасағы оқиға орнына жұмылдырылды. Өкінішке орай, қос альпинистің денелері жансыз күйде табылғаны жөніндегі ақпаратты растаймыз», – дейді Шотландияның полиция қызметкері.
Таудағы құтқару жасағының жетекшісі Энди Нельсонның айтуынша, асқарпаздар өздерімен бірге керек-жарақтың бәрін алып шыққан. Бір-бірімен жіпке байланған күйде шыңға өрмелеген. Бірақ тау баурайына келген сәтте үзіліп кетіпті.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: fishki.net.
• 18 Қаңтар, 2016
Шотландияда шыңға өрмелеген екі альпинист қаза тапты

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше