18 Қаңтар, 2016

Ақкөлде 140 орындық балабақша ашылды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? КӨКШЕТАУ. 18 қаңтар. Ақмола облысының Ақкөл ауданында өңір басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен 140 орындық «Ақбота» балалар бақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Нысан «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өткеннен кейін пайдалануға беріліп отыр. Жалпы бұл ғимарат бұрын Ақкөл балалар үйінің мектепке дейінгі корпусы болып келген. Енді, қайта ұйымдастыруға байланысты, осы жерде тәрбиеленіп жатқан 30 бала ғимараттан Ақкөл балалар үйінің негізгі корпусына ауыстырылды. Аудандық білім бөлімінің қарамағындағы «Ақботада» бүлдіршіндер мемлекеттік және ресми тілдерде білім алуды бастап кетті. «Жарайсыңдар, тапсырманы уақытылы әрі сапалы орындадыңдар. Тұрғындар үшін балалар бақшасының ашылуы қашанда үлкен қуаныш. Мен сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», деген облыс әкімі базарлық ретінде жаңа бақшаға «Sony Bravia» теледидарын сыйға тартты. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz ????????????????????????????????????