18 Қаңтар, 2016

Леонардо Ди Каприо «Үздік актер» атағын иеленді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-01-2016-Di KaprioАСТАНА. 18 қаңтар. АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Санта-Моника қаласында өткен салтанатты кеште «Сыншылар таңдауы» (Critic’s Choice Movie Awards) сыйлығының 2015 жылғы қорытындысы бойынша «Үздік актер» номинациясын Леонардо Ди Каприо жеңіп алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ди Каприо The Revenant фильміндегі рөлі үшін бұл атаққа қол жеткізді. Алехандро Гонсалес Иньярритудың режиссерлігімен болған фильм барысы XIX ғасырдағы оқиғаны суреттейді. Хью Гласстың сомдауымен Американың Жабайы Батысындағы қауіп-қатерлерді көрсетеді. Осы фильм арқылы Леонардо Ди Каприо «Алтын глобус» пен «Оскар» жүлдесіне номинация жеңіп алған болатын. «Сыншылар таңдауы» жүлдесіндегі үміткерлер қатарында сондай-ақ, Брайан Крэнстон (Trumbo), Мэтт Дэймон (The Martian), Джонни Депп (Black Mass), Майкл Фассбендер (Steve Jobs) және Эдди Редмэйн (The Danish Girl) болған. Бұл кәсіби бірлестік телевизияда, радио мен интернет-басылымдарда қызмет ететін 250 киносыншыдан құралған Солтүстік Америкадағы ең ірі қауымдастық. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.