18 Қаңтар, 2016

Ақмола облыстық соты Кодекске түсіндірме семинарын өткізді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-01-16-sud-akmola-1

КӨКШЕТАУ. 18 қаңтар. Ақмола облыстық соты жаңа баспадағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне түсініктеме жобасын талқылау жөнінде семинар өткізді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Семинар жұмысына облыстық сотының судьялары қатысты. Семинар жұмысын кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанәділов жаңа Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің қабылдауы соттармен азаматтық істерді қараудың тиімділігін арттыратынын атап өтті. Келесі кезекте облыстық соттың судьясы Г.Қамали жаңа баспадағы Азаматтық процестік кодексіне түсініктеме жобасына сұрақтар мен ұсыныстар туралы әңгімелеп берді. Семинарда облыстық соттың судьясы А.Шойынбекова тиістісінше пайдаланбаған немесе заңды бұзып пайдаланған жер телімдерін иелерінен немесе жерді пайдаланушылардан мәжбүрлеп алып қою бойынша дауларды қарау тәжірибесін талқылау жөнінде сөз қозғады. Семинардың қорытындысы бойынша судьялар пікір алмасты. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.