18 Қаңтар, 2016

Пошта операторы 1,7 млн. теңге ақшаны ұрлағаны үшін сотталды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-01-16-sud-1

КӨКШЕТАУ. 18 қаңтар. Ақмола облысы, Жарқайың аудандық соты Д. есімді азаматшаның қатысты қылмыстық іс қарап, оған тиісті үкім шығарды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Сот процесінде анықталғандай, азаматша Д. аудандық пошта бөлімінде оператор болып жұмыс атқарып жүрген кезінде оның кассасынан 1 716 000 теңге көлеміндегі қаржыны ұрлап алған. Сот үкімімен азаматша Д. Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 3-бөлігі, 1-тармақшасында («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») жасалған қылмысы үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде тағайындалды. Оған мұндай жеңілдетілген жаза тағайындалуына келтірілген шығынын өтегені және сотталушының кәмелетке толмаған баласы бар екенін себеп болды. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.