ҚЫЗЫЛОРДА. 18 қаңтар. Тараз қаласында 14-17 қаңтар аралығында ересектер арасында күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Сол сынға қатысқан қызылордалық палуандар жүлделі оралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Дүбірлі бәсекеде Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жүлде алды. Атап айтсақ, еркін күрестен 74 кило салмақта өнер көрсеткен Ғалымжан Өсербаев Қазақстан чемпионы атанса, 57 килода Марғұлан Жүсіпов қола жүлдеге қол жеткізді.
Грек-рим күресінен 130 кило салмақта бақ сынаған Есенгелді Жалғасбаев 2-орынды жеңіп алды. Ал әйелдер күресінен облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын Әзиза Тұрмағанбет 75 килода 3-орынға табан тіреді.
Облыс намысын қорғаған спортшыларды спортқа баулуда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Әбутәліп Аманов пен Виктор Юн және жаттықтырушы Еламан Мұратов дайындады.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kaztrk.kz.
• 18 Қаңтар, 2016
Қызылорда палуандары ел чемпионатынан жүлделі оралды

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше