АСТАНА. 18 қаңтар. АҚШ Қытайдың Солтүстік Кореяға мұнай өткізіп, антрацит өнімін импорттап алғанын тоқтатуды талап етті. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Солтүстік Кореяның төртінші ядролық сынағын өткізуіне байланысты санкция ретінде Қытайдың осындай қадамға барғанын қалайды. «Асахи» басылымының мәлімдеуінше, АҚШ бұл пікірін 13 қаңтар күні үшжақты кездесуде айтқан. Сеулде өткен жиында АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония дипломаттары арасында Солтүстік Кореяның орынсыз қылығына қатаң түрде қарсы тұрудың жолдарын талқылады.
АҚШ-тың бұл талабына Қытай жағы нақты жауабын берген жоқ. «Асахи» басылымы бұл ретте Аспанасты елінен КХДР-ға жылына 400-500 мың тонна мұнай өнімдері жіберілетінін айтты. Ал Қытай өз кезегінде Солтүстік Кореядан 115,5 миллион доллар қаржыға 15,5 миллион тонна антрацит қабылдап алады. Бұл көрсеткіш олардың экспортқа шығаратын тауарының 40 пайызын құрайды.
Айта кетейік, қазіргі кезде Солтүстік Кореяға санкция жасауды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі талқылауда.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ria.ru.
Сурет: ipress.ua.
• 18 Қаңтар, 2016
АҚШ Қытайдың КХДР-ға мұнай беруін доғаруды талап етті

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше