АСТАНА. 18 қаңтар. Швецияның Сконе провинциясында Сириядан қоныс аударып келген 14 жастағы Ахмед Мустафа Аль Хадж Али 2016 жылдың алғашқы оқу күні-ақ 15 жастағы Арминас Пилцкасты пышақтап өлтірді. Бұл туралы ren.tv сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жергілікті БАҚ өкілдері босқындар отбасынан шыққан бозбаланың алғаш болып ұрынғанын мәлімдеді. Қатарлас қыздарына орынсыз тиіскені себепті Литваның тумасы Арминас сириялық балаға ескерту жасаған. Алайда бұл қылығын көтере алмаған ол кегін алмақшы болады. Осылайша, ойына алған ісін қатарласының дәл жүрегіне пышақ сұғып, өлтірумен аяқтайды.
Ал Ахметтің әкесі кінәнің бәрі тек баласына ғана артылғанына келісер емес. Оның айтуынша, Арминас осы күнге дейін босқындығын бетіне басып, келемеждеп келген. Осыған шыдамаған Ахмет қылмыстық әрекетке барыпты. Алайда, қайтыс болған Арминастың ата-анасы бұл пікірмен келісер емес. Осыған дейін де бірнеше мәрте мигрант балаларға шағым түскенін алға тартты. Мәселен, жуырда ғана жиналған топ мектеп жасындағы қыз баланы зорлап кетпек болған. Абырой болғанда, дер кезінде көмекшілер жетіп, аман алып қалды.
Айта кетейік, 2015 жылы Швеция 160 мың босқынды қабылдады. Ел халқының саны 10 миллион болғандықтан, жан басына шаққанда бұл Еуропадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып есептеледі. Соған қарамастан билік босқындар дағдарысын шешу үшін жалпыхалықтық міндетті әскери қызметін өтеу мәселесін қайта қалпына келтіруге ниетті.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ren.tv.
• 18 Қаңтар, 2016
Сириялық босқын Швецияда қатарласын пышақтап өлтірді

Өтініш қабылдау аяқталды: Негізгі ҰБТ мамыр айында басталады
Қоғам • Бүгін, 22:46
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 22:18
Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25