20 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанда 8 полицей қызметінен қуылды

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20-01-2016-Policia 1 ПЕТРОПАВЛ. 20 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тәртіптік кеңесінің шешімімен 8 полиция қызметкері қызметінен аластатылды. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. Облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләловтың, қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың қатысуымен өткен тәртіптік кеңестің ашық отырысында ішкі қызметтік қауіпсіздің басқармасының бастығы Нұрлан Қапаров полиция қызметкерлері жасаған жемқорлық қылмыс фактілері жайлы баяндады. Тәртіптік комиссия шешімімен пара алды деген күдікпен ұсталған Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының 2 жедел уәкілі, атап айтқанда, капитандар Жангелді Сахатов пен Ербол Шайынов құқық қорғау саласынан қуылды. Бұл екеуі қаңтар айында қылмыстық істі тоқтату үшін 100 мың теңге пара алу кезінде ұсталған болатын. Бір таңқаларлығы, алым талап етушілер тәртіп сақшылардың отбасынан шыққан. Капитан Ербол Шайыновтың әкесі Петропавл қалалық, Шал ақын аудандық полиция бөлімшелерінде жетекшілік еткен. Жалпы, кеңес отырысында өздерінің қызметтік міндеттерін дұрыс атқармағандығы, қарамағандағы бағынышты қызметкерлердің қызметіне дұрыс бақылау жүргізбегені үшін бірқатар басшылар қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Қызметінен қуылған полициялардың тікелей басшылары лауазымды қызметтерінен босатылды. Олардың арасында қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Александр Деров, бөлім бастықтары Жанат Таңатқанов, Серік Әлжанов, Есіл аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Олег Янушкин секілді лауазым иелері бар. Сондай-ақ, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Думан Таев пен Виктор Букреев те жазадан құтыла алмады. Өткен жылы Есіл ауданында жемқорлық сипаттағы қылмысқа барды деген күдікпен кәмілеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор ұсталған-ды. Ол ауылдасын әкімшілік жауапкершілікке босату үшін 20 мың теңге талап еткен. Осы ісіне орай инспектор жұмыстан шығарылып, екі басшысы лауазымды қызметтерінен айырылды. Мұнан өзге 20-ға жуық шенділерге қатаң сөгіс берілді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz. 20-01-2016-Policia 2
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024