ТАРАЗ. 20 қаңтар. Адам өлтіруге тапсырыс алған киллер қарияны аяғандықтан өлтіруге қолы бармапты. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жақында жамбылдық полиция қызметкерлері 54 жастағы әйелді ұстады. Оған 84 жастағы зейнеткерді өлтіруге тапсырыс берді деген айып тағылып отыр.
Зейнеткер мен әйелдің арасындағы дау облыс орталығындағы бір үйден туындапты. Ұзақ уақыт дау болған бұл мәселе ақырында сотта қаралып, нәтижесінде зейнеткердің пайдасына шешілген. Сондықтан әйел үй иесінен құтылуды ойлап, бұрын сотты болған бір кісіге адам өлтіруге тапсырыс берген.
Бірақ қылмысты жасауға әбден дайындалған киллер қарияны аяп, ақырында бұл туралы ішкі істер органдарына мәлім етіпті. Осыдан кейін зейнеткердің қанға боялып, өліп жатқан сәтін қолдан ұйымдастырған полиция қызметкерлері тапсырыс берушіні ақша беріп жатқан кезінде қолға түсірді.
Күдікті Тараз қаласындағы уақытша ұстау мекемесіне жөнелтілді.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 20 Қаңтар, 2016
Жамбыл облысында киллер қарияны өлтіруге қолы бармапты

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Кеше