АСТАНА. 20 қаңтар. Боливияның Портачуэло қалашығында Зика безгегін жұқтырған алғашқы адам табылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл ауруға жүктіліктің сегізінші ай мерзіміндегі әйел шалдыққан. Қазір науқас Санта-Крус қаласындағы білікті дәрігерлердің бақылауында. Боливияның эпидемиялық орталығының басшысы Родольфо Рокобадо құрсақта жатқан нәрестенің қауіпті аурудан дін аман екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, безгек жатыр ішіндегі баланың алғашқы үш айына дейін зиянын тигізеді.
Зика безгегі жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Қатерлі індетке шалдыққан болашақ анадан микроцефалия ауруына шалдыққан нәресте дүниеге келуі мүмкін. Ол өз кезегінде баланың бас сүйегі мөлшерінен тыс кішірейіп, ми құрылысының дамуына зиянын тигізеді. Бір ғана Бразилияда микроцефалиямен өткен жылы 3500-ге жуық нәресте дүниеге келген. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 20 есеге көп.
Айта кетейік, өткен аптада АҚШ мамандары аталған безгектің Оңтүстік және Орталық Америкада орналасқан 14 мемлекетке тарағанын хабарлаған. Олардың айтуынша, әсіресе Бразилия, Колумбия, Венесуэла және Мексика елдері зардап шегуде.
Зика безгегі алғаш рет 1947 жылы Уганда мемлекетінде пайда болды. Осыдан соң тек Африка елдеріне ғана тараған. Ауруды алғашқы кезеңінде анықтап білу мүмкін емес. Себебі, белгілері ашық түрде білінбейді. Дене қызуы аздап көтеріліп, бас ауруы, буын және бел аурулары, шаршау белгілері пайда болады. Ал аурудың тарауына негізінен Aedes aegypti түріндегі масалар себепші болады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: livemint.com.

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады
Ауа райы • Бүгін, 22:59
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Бүгін, 22:36
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04