21 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №98 

338 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 10 ақпан, Астана қаласы Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1 1-бабыныц 25-тармакшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Жарылғыш материалдарды сақтауға, рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімі» бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Міндетін атқарушы ___________Ж.Қасымбек 2015 жылғы 18 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________Е.Досаев 2015 жылғы 21 ақпан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесі р/с № Рұқсат талаптары Құжаттар Ескертпе 1 2 3 4 1. Сақтауға жататын жарылғыш материалдардың атауы, саны (салмағы, өлшемі) көрсетіледі Осы жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Рұқсат талаптары) жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (бұдан әрі - мәліметтер нысаны) 2. Меншік құқығындағы немесе өніркәсіптік, өрт, санитарлық-эпидимиялогиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін өзге заңды негіздегі жарылғыш материалдар қоймасының болуы Жарылғыш материалдар қоймасы паспортының көшірмесі, жалға беру келісім шартының көшірмесі (жалға алған жағдайда) 3. Жеке күзет ұйымы немесе ішкі істер органда-рының мамандандырылған күзет бөліністері жүзеге асыратын жарылғаш материалдар қоймасына қаруланған күзеттің болуы Осы Рұқсат талаптарына қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны 4. Адамдардың (заңды тұлғаның жұмыскерлерінің) жарылғыш материалдармен байланысты жұмысқа рұқсатының болуы Құжат берілмейді 5. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және сату жөніндегі қызметпен айналысу құқығы Құжат берілмейді «Е-лицен-зиялау» мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер 6. Заңды тұлғаны кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу Құжат берілмейді «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан мәліметтер Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымша Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны Күзет кызметіне лицензиясы бар жеке күзет ұйымы немесе ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөліністері жүзеге асыратын жарылғыш материалдары қоймасын қарулы күзетуге арналған келісімшартың нөмірі мен қол қойылған күні Келісімшарт жасасқан күзет ұйымының күзет кызметімен айналысу құқығына берілген лицензияның сериясы, нөмірі, берілген күні Жарылғыш материал-дардың атауын, саны (салмағы, мөлшері) Жарылғыш материал-дардың сақтау орны (орналасқан мекенжайы) Материалдарды сақтауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10450 болып енгізілді.