04 Ақпан, 2016

Баспана бағасы қымбаттамайды

277 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов елімізде еурокодтарға негізделген жаңа құрылыс нормаларына өту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Шара барысында министрлік пен комитет «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 49-қадамын іске асыру шеңберінде еуро­кодтарға негізделген жаңа құ­рылыс нормаларына өту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізген М.Жайымбетов оның маңызды екеніне тоқталды. «Жа­ңа құрылыс нормаларына өтуге қатысты жұмыс құрылыс сала­сының нормативтік базасын реформалау тұжырымдамасына сай атқарылып отыр. Онда Қазақ­­станның табиғи-климаттық және геологиялық жағдайларын еске­ретін ұлттық қосымшалары бар. Оған қоса, еурокодқа ұқсас 58 құ­рылыс нормалары әзірленді. Бұл құрылыс нормалары Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен өткен жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді», деді комитет төрағасы. Жаңа құрылыс нормаларына орай үй бағасы қымбаттамайды ма деген сұрақ туатыны анық. Себебі, ол еурокодтарға негізделгелі тұр. Мұндай сұраққа комитет төрағасы «баспана бағасы бұған бай­ланысты қымбаттамайды», деп жауап берді. Оның айтқанына илансақ, тұрғын үй құрылысына сапалы материалдар ғана пайдаланылып, еуростандарттарға сай салынады. Әйткенмен, негізінен отандық құрылыс материалдары қолданылатын болғандықтан үйлердің бағасы қымбаттай қой­майды екен. Бұған дейін ведомство басшысы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 46-қадамын іске асыруға қатысты атқарылған жұ­мыстар жөнінде әңгімелеген еді. «Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерін өту қағидалары әзірленіп, бекітілді. Бастапқы рұқсат құжаттарын алу және рә­сімдерін реттеу мақсатында құрылыс салуды ұйымдастыру мен қағидаларын, сондай-ақ, жобалау және құрылыс-монтаж жұ­мыстарын жүзеге асырудың үш негізгі сатысы реттеліп, оңтай­ландырылды. Ол бойынша бірінші болып, бастапқы рұқ­сат құжатын алады, екінші эскиз­дік жобаны келіседі, үшінші объек­тіні пайдалануға береді», деді М.Жайымбетов. Брифингте журналистердің сұрағына орай комитет төрағасы «Қолжетімді баспана-2020» мем­лекеттік бағдарламасы тұр­ғын үйлерінің құны 2-3 пайыз­ға жоғарылағанын айтты. «Қол­же­тімді баспана – 2020» бағдар­ламасы бойынша салын­ған үйлер 2-3 пайызға қымбат­тады. Бірақ, басқа салаларды қара­сақ, керісінше баға түскен. Біз қазір маусым және қаңтар ай­ларындағы бағаларды салыстыр­дық, металл бойынша аздап жоға­рылау байқалады, ал өзге мате­риалдардың құны барлық жерде түсіп жатыр», деді ол. Оның сөзіне қарағанда, мұндай жағдай елімізде екінші мәрте қайталанып отыр. «2007-2008 жылдардағы дағдарыста да осылай болған. Сұраныс азай­ғанда, xалықтың сатып алу дең­гейі төмендегенде, материал­дардың бағасы арзандайды. Десек те, импорттық тауарлар бойынша 30 пайыздық өсім тіркелді. Бі­рақ ол негізінен премиум, элит санатындағы баспаналарға қатыс­ты. Біз үшінші және төртінші санаттар бойынша қолжетімді баспана саламыз. Ал бірінші және екінші санаттағы пәтерлердің бағасы артты», деді комитет басшысы. Алдағы 1 наурыздан бастап, құрылысқа берілетін рұқсат құ­жат­тары «Үкімет – азаматтар үшін» корпорациясы және «Е-Үкі­мет» электронды порталы арқы­лы беріле бастайды екен. Бұл құжаттар толық жиынтықта ұсы­нылатын болады. Яғни, сәу­лет-жоспарлау тапсырмасы, теxни­калық шарттар, сыртқы инже­нерлік желілердің сызбалары және тағы басқа көптеген құжаттар бір мезгілде берілмек. «Жоспарлау мен құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарын беру уақыты да екі есеге дейін қысқартылды. Қазіргі уақытта жоба күрделілігіне байланысты құжатты алу уақыты 40 жұмыс күнінен 17 күнге дейін қысқарды. Мұнымен бірге, жоба сызбасын келісуге қатысты жұмыстардың мерзімі де азайтылды. Оның мерзімі 60-тан 15 жұмыс күніне дейін қысқарған. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».