Фото: Ашық дереккөз
Атап айтқанда, жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын адамдарды, олар алып жүретін заттарды, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеру қағидалары мен талаптарына өзгерістер дайындады.
«Бұйрық жобасын қабылдау көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын жолаушыларға жеке басын куәландырған кезде цифрлық құжаттама қызметінен электронды құжат ұсынуға мүмкіндік береді», делінген негіздемеде.
Бұйрықтың жобасы 11 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін«Ашық НҚА» порталына шығарылды.