04 Ақпан, 2016

Түлкібас ауданында жолаушы бір кило есірткімен ұсталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 OQO-1 ШЫМКЕНТ. 4 ақпан. Түлкібас ауданы «Шақбақ баба» елді мекені арқылы жолаушылап бара жатқан шымкенттік 46 жастағы азаматтан 1 килодан астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы ОҚО Ішкі істер департаменті берген ақпарат бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Есірткіні «Бим» атты қызметтік ит тапқан. Қазір аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 296 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша оқшаулап ұстау мекемесіне қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: ОҚО Ішкі істер департаменті.