ШЫМКЕНТ. 10 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1971 жылғы туған азаматты есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Күдіктінің үйін тінту кезінде марихуанаға ұқсас 30 данадан астам есірткі салынған сіріңке қорабы табылған. Сот-криминалистік сараптамасы оның 140 грамнан астам марихуана есірткісі екендігін анықтады.
Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабымен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше