10 Ақпан, 2016

Beeline 50 миллион теңге жүлденің иесін анықтады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10-02-2016 beelineАЛМАТЫ. 10 ақпан. Қазақстандағы телекоммуникациялық Beeline операторы  «Сәттілікті ұстап ал!» жылдық науқанының қорытындысын шығарды. Ақтық байқауда 50 миллион теңгенің жеңімпазы анықталды. Бұл туралы Beeline компаниясының бұқарамен байланыс қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алайда қомақты жүлдеге ие болған адам өз аты-жөнінің құпия болып қалуын қалаған. Жыл бойы науқанға қатысушылар арасында күн сайын – 50 000 теңге, әр жексенбіде Apple iPhone 6 смартфоны, қаңтар, ақпан, мамыр, маусым, қыркүйек, қазан және қараша айларында 1 000 000 теңге, көктемде Volkswagen Tiguan автокөлігі, жазда Volkswagen Golf автокөлігі, Жаңа жыл қарсаңында бас жүлде – 50 000 000 теңге ойнатылған болатын. Жүлде қоры, жалпы құны шамамен 80 миллион теңгені құрайтын 365 жүлдеден тұрды. «Тұтынушыларымызға мүмкіндіктер сыйлағанымызға қуаныштымыз. Бұл тамаша науқан болды, біз еліміздің түкпір-түкпіріндегі қазақстандықтарға жүлделер сыйладық. Әр жолы жүлделерді табыстаған кезде қызықты, қуанышты, өте әсерлі сәттерге куә боламыз. Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, барша жеңімпаздарды құттықтаймын!» – деді компанияның бас атқарушы директоры Александр Комаров. Айнаш Есали. Дерек, сурет: Beeline компаниясының бұқарамен байланыс қызметі.