10 Ақпан, 2016

Қарағандыда шаңғымен жүгіруден облыс чемпионаты өтті (фото)

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10-02-2016 karagandi zharis 3ҚАРАҒАНДЫ. 10 ақпан. Қарағандыда шаңғымен жүгіруден облыс чемпионаты өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл сынға Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалалары мен Абай, Қарқаралы, Осакаров аудандарынан келген 135-ке тарта шаңғышы қатысты. Бағдарламаға сәйкес, жарыс классикалық және конькилік мәнер бойынша 10, 5, 3 шақырымдық қашықтықтар аралығында өтті. Қарағанды облысының чемпионы болғандар:
  • С. Гришин (Қарағанды, ардагерлер, классикалық мәнер)
  • С. Марьенко (Қарағанды, ардагерлер, классикалық, конькилік мәнер)
  • Ю. Ковалев (Қарағанды, ардагерлер, конькилік мәнер)
  • М. Әбікен (Қарағанды, ерлер, классикалық, конькилік мәнер)
  • Ә. Қубаева (Қарағанды, қыздар, классикалық, конькилік мәнер)
  • Д. Жданов (Қарағанды, жасөспірімдер, классикалық мәнер)
  • Е. Васин (Теміртау, жасөспірімдер, классикалық мәнер)
  • В. Кузьмин (Абай ауданы, ересектер, классикалық мәнер)
  • Н. Гришин (Қарағанды, орта жас, барлық түрі)
  • Т. Винтерголер (Қарағанды, орта жас, барлық түрі)
  • Ә. Ваганов (Қарағанды, кіші жас, барлық түрі)
  • И. Черникова (Қарағанды, кіші жас, барлық түрі)
  • Н. Куяниченко (Қарағанды, марафон)
  • Р. Тұрсынқұл (Қарағанды, марафон).
Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының құрама командасы жасақталып, олар республикалық жарыстарда өңір намысын қорғайтын болады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 10-02-2016 karagandi zharis 4 10-02-2016 karagandi zharis 2 10-02-2016 karagandi zharis 1