АЛМАТЫ. 10 ақпан. Қыстың соңғы айының екінші онкүндігінде жауған қар қала тұрғындарын біраз әбігерге салды. Алғашында тоқтаусыз себелеген мұздақтың арты аппақ қарға ұласты. Бір тәулік ішінде қала көшелерінде 100-ге таяу жол-көлік апатының болуына себепші болды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алатау етегінде 25, қалада 15 сантиметрлік қалыңдықта түскен аппақ қардың қазір ызғары да күшейіп тұр. Қаланы қардан тазалауға 910 жұмысшы, 600-ге жуық түрлі техника жұмылдырылды. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, қала аумағында қар қылауы кешке дейін басылмайды. Осыған байланысты Алматының халықаралық әуе жайында республиканың ішкі аумағына ұшатын 7 рейс кейінге шегерілді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығы.
• 10 Ақпан, 2016
Алматыда көліктер соқтығысып, әуе рейстері кейінге шегертілді

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Кеше