10 Ақпан, 2016

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа акция бастады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10.02.2016 AST-3 АСТАНА. 10 ақпан. «Қазақстан» телеарнасы мен «Қазақ» радиосы «Наурыз тілек!» атты жаңа акцияны бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Акцияға қатысқан әрбір отандасымыз Наурыз мерекесіне байланысты өзінің туған туысқандарын, бүкіл елді құттықтауға мүмкіндік алып, ыстық тілектерімен бөлісіп, бағалы сыйлықтардың иегері атанады. Шараға қатысқысы келетіндер  1 наурызға дейін өзінің аудио, видео немесе мәтін түріндегі Наурыз мерекесімен құттықтауын nauryz@kaztrk.kz электрондық поштасына жіберу немесе 8 (7172) 55-33-26, 55-33-37 номерлеріне хабарласуы керек. Сонымен бірге facebook, instagram, vk, twitter әлеуметтік желілердің біреуімен «Қазақстан» РТРК парақшасына жазылып, өзінің құттықтауын байқаудың постерімен салу керек. Құттықтауда хэштег #nauryztilek көрсетілуі тиіс. Ең дарынды қатысушыны корпорацияның көркемдік кеңесі іріктейді және оны мереке қарсаңында жариялайды. Байқаудың жеңімпазына ұялы телефон, екінші орынға планшет, үшінші орын алған адамға электронды кітап беріледі. Акция бойынша барлық жаңалықтарды nauryz.kaztrk.kz сайтынан қарауға болады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «Қазақстан» РТРК.