11 Ақпан, 2016

Комиссия мүшелері – «Нұр Отанның» штабында

431 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ERA_6826+77 Кеше Қазақстан Республикасында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшелері (СБРҚК) «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабында болып, оның өкілдерімен кездесті. Кездесуге СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов пен комиссия мүшелері Жабайхан Әбділдин, Камал Бұрханов, Аманқұл Серікбаев, Тамара Ширмер, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – «Нұр Отан» партия­сы сайлауалды штабының жетекшісі Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясының хатшылары Фархад Қуанғанов пен Қаныбек Жұмашев қатысты. Кездесу кезінде электоралды науқанның барысы талқыланып, сайлау үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оның барлық кезеңдерінде СБРҚК байқаушыларының «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабымен өзара іс-қимылының әдіс-тәсілдері нақтыланды. СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов Комиссияның көп жылғы жұмыс тәжірибесі туралы айта келіп, қоғамдық байқау Қазақстандағы сайлаулардың ажырамас бөлігі ретінде серпінді дамып келе жатқандығын атап көрсетті: – Комиссия бес электоралды циклды табысты өткерді. Біз­дің бай­қаушылар сайлау науқа­ны­ның барлық кезеңдерінде байқау мен жүйелі мониторингтерді қамта­масыз етіп, сайлау күресі­не қатысушылардың барлығы үшін бірдей жағдай жасалуын, қазақстандықтардың сайлау құқығының сақталуын қада­ға­лайды, – деп атап өтті Н.Ерімбетов. СБРҚК мүшесі Камал Бұр­ханов Комиссия байқау­шы­ларының қатарына үкіметтік емес ұйым­дар, тәуелсіз БАҚ-тар өкіл­дері, қоғам­дық белсенділер ен­генін көлде­нең тарта келіп, олар­дың сайлау­дың ашықтығын қамта­масыз ету үшін бар күш-жігерін жұм­сай­тынына сендірді. Асқар Мырзахметов сайлау науқанының барысында қо­ғам­дық байқаудың маңызы жоғары екенін атап өтті: – «Нұр Отан» партиясы, елі­­­міз­дегі жетекші саяси күш бола оты­рып, сайлау­шылар мен кан­ди­даттардың конститу­ция­лық құқықтары қатаң сақталуы қам­тамасыз етілетін ашық та мөл­дір демократиялық сайлау өткізуге мүдделі. Осы тұрғыдан келгенде, СБРҚК тәуелсіз қоғамдық ұйым ретінде маңызды миссия атқарады, – деді А.Мырзахметов.