11 Ақпан, 2016

«Бірлік» партиясының өкілдерімен кездесті

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? Кеше Астанада Қазақстан Республикасында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшелерінің (СБРҚК) «Бірлік» партиясы сайлауалды штабының өкілдерімен кездесуі болды. Кездесуге қатысушылар ағым­дағы сайлау науқанына байла­нысты мәселелердің кең ауқы­мын талқылады. Үнқатысу шең­берінде СБРҚК мен «Бірлік» пар­тиясы сайлауалды штабының арасында сындарлы өзара іс-қимыл орнату мәселесіне баса назар аударылды. СБРҚК төрағасы Нұрлан Ерімбетов өзінің сөзінде транс­па­рентті және әділ сайлауды, азаматтардың еркін таң­дау жасауларын, барлық сайлау үдерісіне қатысушылардың құ­қық­тарын сақтаудың, заң бойынша белгіленген рәсімдердің орындалуын қамтамасыз етудің маңызы аса зор екеніне тоқталды: – Комиссия құрылып, өз мін­детін атқаруға кіріскен жылдар бедерінде үлкен тәжі­рибе жинақталды, біздің ұсы­ным­дамаларымыз Қазақстандағы сайлау үдерістерін жетілдіруге оң ықпал етті. Тұтастай алғанда, СБРҚК қызметі мен басқа да байқаушылық миссиялары электоралды үдерістерге сүбелі үлес қосып, халықтың саяси-құқықтық мәдениетін жоғарылатуға оң әсерін тигізіп келеді, – деді Н.Ерім­бетов. СБРҚК мүшесі Аманқұл Серік­баевтың сөзіне қарағанда, сай­лау науқанының барлық кезең­дері ұзақ мерзімді байқаумен қамтылатын болады. – Байқау шараларын бүкіл республика бойынша әр сайлау учаскесінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Біздің жұмысымыздың басты қағидаты – ашықтық, әділеттілік, бәсекеге қабілеттілік және заңдылық, – деді А.Серікбаев. «Бірлік» партиясы төраға­сының орынбасары Болат Бай­қа­дамов өздерінің партиясы Парламент Мәжілісі мен бар­лық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлаулары үдеріс­теріне алғаш рет қатысып отырғанын атап көрсете келіп, осы себепті, партия үшін СБРҚК-мен өзара ынтымақтасу және өзара іс-қимыл таныту құнды мүмкіндік екенін жария етті: – «Бірлік» партиясы мен біз­дің депутаттыққа кандидаттары­мыз салмақты да ашық жұмысқа иек артып отыр. Біз тәуелсіз қоғамдық байқау секілді осыншалықты маңызды миссияны жүзеге асыратын Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиямен ынтымақтастығымызды қуана қолдаймыз, – деді Б.Бай­қадамов. Сәулебек БІРЖАН. АСТАНА.