11 Ақпан, 2016

Партия ұсынған заң жобасына түсінік берді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
245A6520 Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Алматыда «Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық жағдайы туралы» деген тақырыпта түрлі сала өкілдерінің басын қосып, қоғамдық мәселені кеңінен қозғайтын жиын өткізді. Бұл тақырыпты тереңірек қозғауға әлемдік экономикадағы қазіргі ахуал мен барлық қоғамда кездесіп отырған өтпелі дағдарыс кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарының шектелу кө­ріністері себеп болды, дейді ақжолдықтар. Осы ретте, партия өкілдері қазіргі таңда көптеген азаматтар экономикалық құлдырау, жұмысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу салдарынан өзінің қаржылық жағдайының нашарлауына, несиелік және сатып алу мүмкіндігінің төмендеуіне, қажеттілік үшін несиеге мұқтаж болу және қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлеме ұстануы кең етек алғандығын тілге тиек етеді. Жиында кей жағдайда әлеуметтік күйзелістің артуын ескере отырып, банк­тер қарыз алушыларға белгілі жеңіл­дік­тер жасайтындығы, алайда, банк тара­пынан жүргізіліп отырған несие алушының өтінімін қайта қарау жеңілдігі тұтынушының жағдайын қысқа мер­зімде жақсартып, белгілі уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін жаңа қиын­шылық­тармен бетпе-бет қалатындығы, қол­да­ныстағы заңнама берешектің туындау тәсіліне қарай оны өндіріп алудың бір­қатар әдістерін көздейтіндігі айтылды. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ұсынып отырған заң жобасының түпкілікті мақсаты берешекті өндіріп алудың контрпродуктивті тетігін қол­да­нуды тоқтату және адал, бірақ жолы болмай қалған қарыз алушыларға жаңа мүмкіндік беру, сондай-ақ, республика азаматтарының төлем қабілетсіздігін ретке келтірудің өзекті мәселесін тиімді шешу жолдарын қарастырады. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. –––––––––– Суретті түсірген Борис БУЗИН.