11 Ақпан, 2016

Ел егемендігіне арналған елеулі шаралар

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған «Тәуелсіз Қазақстан символдары» атты әртүрлі пішімдегі іс-шаралар топтамасының тұсаукесері болып өтті. Оның негізгі мақсаты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеяларын, Тәуелсіздік жетістіктері мен табыстарын насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарын талқылау, ел бір­­лігін нығайту, «Мәңгілік Ел» пат­риоттық идея­сын ілгерілету, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту болып табылды. Кеңес жұмысына «Нұр Отан» пар­­­­тиясының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясы, Елбасы кітапханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға отырған мекемелер, «Тұңғыш Пре­зидент – Елбасы кітапханасы» мем­лекеттік мекемесі жанындағы «Кемел ел» мәдени-білім беру жұ­мы­­­сы және жастарға тәрбие беру ор­та­лы­ғының үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты. Серіктестердің аталған іс-шаралар топтамасын іске асыру үшін арнайы үйлестіру кеңесі құрылған. Бұл кеңеске 20 ұйым өкілдері кіреді. Дәлірек айт­сақ, мемлекеттік мекемелер, жас­тар бірлестіктері, еліміздің барлық өңір­­лерінің әкімдіктері және тағы басқалары. Аталған ұйымдар бірігіп 50-ден астам іс-шараны бірлесіп ұйым­дастыратын болады. Іс-шара­лар ішіндегі жоспар аясында алдағы ай­ларға тақырыптық атаулар да бері­ліп қойған. Мысалы, қаңтар айы – «Кә­сі­би және тиімді мемлекет», ақпан – «Ин­­дустрияландыру. Ин­новация», ал наурыз айы – «Спорт. Саламатты өмір салты» деген атаулармен бекітілген. Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасының кітапханасы жүзеге асыратын бас­ты және кең ау­қымды қамтитын іс-шараның бі­рі «Әлемді өзгертетін идеялар» ат­ты әлеу­­­меттік жобасы болып табылады. Бұл жоба шеңберінде жоғары оқу орын­да­рының 2-4 курс студенттері мен жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сынып оқушыларына арналған семинар-тренингтер, экскурсиялар, кон­курс­тар өткізіледі деп жоспарланып отыр. Басқосу барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С.Әбдірәсілов, «Қоғам­дық келісім» Республикалық мем­лекеттік мекемесінің директоры Н.П.Калаш­никова сөз сөйлеп, ат­қарылған шара­ларға шолу жасап, ал­дағы жоспарларына да тоқталып өтті. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.