11 Ақпан, 2016

Академик есеп теңдеуін шешкен оқушыға 1000 доллар сыйлық бермек

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
00 Ақпан айында мектеп оқу­шы­ларына арналған «Ал­го­рифм» жур­налының биылғы бірінші нө­мірі жарық көрген болатын. Бұл басылымның бас редакторы әрі құрылтайшысы – Айман Өтешова. Екі айда бір шығатын жаңа журналда академик Асқар Жұ­маділдаевтың 60 жылдығына орай сұхбаты және 35 «Алтын белгі» шығарған Оңтүстік Қазақ­стан об­лысындағы Мақ­таарал ауданының Жетісай қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы туралы мақала берілген. Онда аталмыш мектеп директоры Өмірхан Қозыбақтың қызықты оқыту әдістемелері мен академик Асқар Жұмаділдаевтың есеп-жұмбағы, ерлікке пара-пар еңбектері жан-жақты ашыл­ған. Сонымен қоса, физика және математика тақырыптарына ар­нал­ған қызықты мақалалар бар. Сүйсінетін жайт – осы басылымда академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын бала­ларға теңдеу жасырып отыр. Ғалымның журналға берген сұхбатында мынадай жолдар бар. – Балаларға қандай қы­зықты сұрағыңыз бар? – Сұрақ көп. Мысалы х!+1=y2. Осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек. Екі шешімін айтып берейін. х=4, y=5, x! =24. 24+1=25. Тағы бір шешімі, x=5, y=11, 5!+1=120+1=121. Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сый­лық болар еді. Осы есептің жауабын бірін­ші болып шығарған оқу­шы «Ал­горифм» журналы редакция­сына жазылу түбір­тегімен қоса хабарлассын, деп­ті академик. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.