11 Ақпан, 2016

Өлі нәресте өртер алдында тіріліп кетті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
11 Қытайда мәйітханада Цельсий бойынша минус 12 градустық суықта 23 сағат жат­қан нәресте тіріліп кетті. Бұған дейін дәрігерлер қайтыс болды деген үкім шығарып қойған бөбек өртеу рәсімі ба­с­талуға санаулы минуттар қал­ған кезде өзінен өзі оянған. Шақалақ Чжэнцзян провинциясында 8 қаңтар күні өзінің мерзімінен екі ай бұрын туылған екен. Дәрігерлер оны инкубаторға салып, 23 күн бойы қолдан тыныстандырған. Алайда, мұнан кейін сәбидің ата-анасы балаларын дәрігер­лердің қарсылығына қарамас­тан, үйлеріне алып кетіпті. Олар Қытай жаңа жылын отбасымен қарсы алмақ болған көрінеді. Бірақ арада екі күн өткенде нәрестенің жағдайы күрт нашарлап, ерлі-зайыптылар оны ауруханаға қайта жеткізген. Ал 4 ақпан күні бала қай­тыс болыпты. Осыдан кейін оның денесі мәйітханаға қойылған. Келесі күні дәрігерлер нә­рес­­тенің денесін өртеу камерасына салып жатқан тұста ол жылап жіберіпті. Мамандар дереу оны жансақтау бөліміне жеткізіп, қайтадан тыныс алу аппаратына қосып қояды. Баланы өлді деп санаған доктор Чен әлі күнге дейін бұ­ған қайран қалып отыр. «Мен шынында да не болғанын түсіне алар емеспін. Бұл бір ғажайып оқиға болды», – дейді дәрігер. Ал аурухана басшылығы бол­ған жайтты дәрігерлердің сал­ғырттығынан көріп отыр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.